Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады

11 Жаңалықтар

  Atr.kz/7 қараша, 2019 жыл.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық сенім кеңесінің мүшелерін қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз – қызметі.

 «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы» РҚБ президенті Азаматхан Әміртаевпен кездесу барысында еліміздегі экологиялық ахуал, халықтың экологиялық түсінігі мен мәдениетін арттыру мүмкіндіктері секілді мәселелер талқыланды.

А.Әміртаев шағын және орта бизнесті қолдауға және экологиялық жобаларды іске асыру үшін шетел инвестициясын тартуға қатысты бірқатар ұсыныс айтты. «Қазақстан барысы» даму қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Арман Шораев Президентке ішкі және сыртқы туризм саласындағы кейбір қордаланған проблемаларды шешу жолдарын, қазақ күресін халықаралық аренада ұлттық бренд ретінде қалыптастыру жайындағы көзқарасын жеткізді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз