Ғибраты мол «ҒАБИТ»

87049209 1019291511785460 6522801926612975616 n Жаңалықтар

Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы Атырауға келді. Алматылық актерлар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында «Ғабит» спектаклін қойды.

Жергілікті драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың пьесасын тамашалауға көрермен көп жиналды. Қоюшы-режиссер – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов. Ал, Ғабиттің рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахман Омар сомдады. Оқиға желісі Алаш арыстарына жала жабылған XX ғасырдың отызыншы жылдарын қамтиды. Ғабит Мүсіреповтен бөлек, Алаш қайраткерлері Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин мен Сәкен Сейфуллиннің образы да  орынды көрініс тапты.

– «Рахымжан Отарбаевтың Руханият қорының» жеке шақыртуымен, Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен және Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен мұнайлы өлкеге келіп қалдық. Драматургтің соңғы туындыларының бірі «Ғабит» – қазақ зиялыларының қилы тағдырынан сыр шертеді, – дейді қоюшы-режиссер Мұрат Ахманов.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

87038186 1019291558452122 1142729938055462912 n
86776627 1019291791785432 1903087330114142208 n
86972234 1019291735118771 4333841384298512384 n
87001784 1019291631785448 8103934105877479424 n
86766312 1019291688452109 8714753741850411008 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз