Атырауда коронавируспен күресіп жүрген дəрігер алғаш рет сұхбат берді (+ ВИДЕО)

1 38 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/29 сәуір, 2020 жыл. «Біздің өміріміз коронавирусқа дейін жəне кейін болып екіге бөлінді» деп бастады әңгімесін үйіне бармағанына қырық күннен асқан атыраулық дәрігер Перизат Жангерова жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінің түсірілім тобына берген сұхбатында.

«Үйімді сағындым. Анашымды, əкешімді, бауырларымды сағындым…

Бірақ, халықты ойлаймыз… Шыны керек, маған туыстарым телефон соғып, «бəрі өтірік қой, саясат қой» деп сенбей жатады.

Бұл қалай өтірік болады? Мына жақта біз масканың ішінде тұншығып, жанымызды шүберекке түйіп жүрсек…

screenshot 20200429 213554
Перизат Жангерова

Ауа жетпей қиналып жатқан науқастарды көргенде жаның ашиды, жүрегің ауырады… Біз əр жұмысқа шыққан күн сайын Аллаға сыйынамыз. Қауіпті індеттің ортасында жүргендіктен қорқыныш болады. Бірақ, халықты ойлаймыз.

Үйде отырып, шыдайық. Карантин талаптарын, гигиенаны сақтайықшы, өзіміз үшін» деді Атырау қаласындағы жедел жəрдем бекетінің 11-ші бригадасының дəрігері Перизат Жангерова.

Айтуынша, коронавирус індетіне шалдыққан науқастардың психологиялық жағдайын көрудің өзі қорқынышты. «Әлі жаспын ғой. Енді не болады? Сонда бәрі біткені ме?» деп сұраулы жүзімен науқас бізге қараған кезде, қатты қиналамыз. Бірақ, жылы сөзімізбен демеу болуға тырысамыз.

Жәй ғана өзіміз үшін сақ болайықшы» деді Перизат бізбен қоштасарында.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/эksklюziv-koronavirustan-zhazylyp-shyqqan-atyraulyq-algash-ret-ashyq-suhbat-berdi/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз