Әскери тәртіп орнатуға новаторлық идея керек (+ФОТО)

E98A5958 Жаңалықтар

Atr.kz/9 шілде, 2019 жыл. «Батыс» өңірлік қолбасшылығында офицерлер тәрбие жұмысының новаторлық идеяларын талқыға салды.

Командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, психологтар мен әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі қызметтері күнделікті әскери өмірдің маңызды іс-шараларын талқылады.

Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің базасында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының тәрбиеші офицерлерімен оқу-жиыны өтті. Жиынға Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери бөлім командирлерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, психолог-офицерлері және әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің өкілдері қатысты.

E98A5955

Жиынның басты мәселесі ретінде тәрбие және идеологиялық жұмыс үрдісінің жетілдірілуі, шет ел армиясының тәрбие жұмысын тсараптау, әскери тәртіпті нығайтудағы новаторлық идеяларды қарастыру болып белгіленді.

Жиынға қатысушалармен психологиялық зерделеу жұмыстары өткізіліп, басшылық талаптары мен заңнамалық актілер бойынша, сауалнама жүргізу тәртібі, мерзімдік қызметтегі сарбаздардың бос уақытын ұйымдастыру, әскери қызметшінің психологиялық портретін жасау бойынша сынақтар қабылданды.

E98A5931

 «Бүгінгі күні, әскери қызметшілердің жеке-моральдік қасиеттерін зерттеу қалыптасып қалған шаблондық әрекеттерге жүгінбей, ерекше көзқарасты талап етеді. Тәрбиеші офицердің осы кезектегі басты тапсырмасы, әскери қызметшінің ұжымы арасындағы, сонымен қоса мүмкіндігінше отбасындағы оң ахуалды қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте, Қарулы Күштерде қолданып келе жатқан «Жауынгерлік дос» екі жақты бақылау жүйесі мен әскери қызметшілердің отбасымен жұмысты ұйымдастыру қызметі үлкен жұмысты атқаруда», – дейді өңірлік қолбасшылықтың тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Серік Сейітбаев.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысары жөніндегі орынбасарлары институты осыдан 26 жыл бұрын қалыптасты. Осы күндері, Қарулы Күштерде 1000-ға жуық тәрбиеші-офицерлер қызмет етеді. Олардың мойындарына әскери қызметтегі тәртіпті нығайту, құқықтық алдын-алу жұмыстарын жүргізу, жеке құрамның әлеуметтік мәселелерін бақылау, моральдік-өнегелік жағдайды жақсарту бойынша тапсырмалар жүктелген.

Рустем Игисинов,

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметкері, капитан

E98A5918
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз