Ұрланған жарық желісі қалпына келтіріледі

67771409 867922296923588 6436414083997630464 o1 Жаңалықтар

Atr.kz/7 тамыз, 2019 жыл. Атыраудағы Зарослый елдімекеніне жаңадан жарық жүйесі жүргізілмек.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әзірге мұнда қуаты 250 киловатт трансформатор қондырылған. Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын осындағы электр сымдарын белгісіз біреулер ұрлап әкеткен. Содан бері бұл мәселе шаһар басшысы Әлимұхаммед Құттұмұратұлының тікелей бақылауында.

Бүгінде жарық желісін қайта жандандыруға қажетті жобалық-сметалық құжаттама үшін жергілікті қазынадан тиісті қаражат та бөлінген. Енді келесі жылы мемлекеттік экспертизаның оң нәтижесі шыққан соң және мердігер мекеме анықталғаннан кейін құрылыс-монтаж жұмыстары басталады деп күтілуде.

Аман ШАМАР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз