Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 124 адамға жетті

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/27 наурыз, 2020 жыл. Елімізде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 121 адамға жетті.

Бұл туралы пандемия туралы барлық ресми деректер топтастырылған интернет ресурс – coronavirus2020.kz хабарлады.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында – 60 адам, Алматы қаласында – 48, Қарағанды қаласында – 4, Шымкент қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Ақмола облысында – 1 адам, Атырау облысында 3 адам, жалпы 121 науқас тіркелді.

Еске сала кетелік, қазіргі таңда дүние жүзінде коронавирус дертіне шалдыққандар саны 534 мыңнан асты.

Соңғы ақпарат бойынша 24 187 адам қайтыс болды, оның ішінде бір тәулік ішінде жан тапсырғандар саны – 2787 адам. Жазылып шыққандар саны 119 951, бір тәулік ішінде – 9293», – делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінде.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *