«Бейбарыс» – екінші орында!

Шайбалы хоккейден еліміздің үш дүркін чемпионы Атыраудың «Бейбарыс» клубы өз алаңында оңтүстік астананың «Алматы» командасымен екі рет кездесті.

%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d0%b1%d0%b0%d1%80%d1%8b%d1%81-%d0%b5%d0%ba%d1%96%d0%bd%d1%88%d1%96-%d0%be%d1%80%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0

Алғашқы күні қонақтарды 7:3 есебімен айқын басымдылықпен жеңген жерлестеріміздің келесі кездесудегі қарқыны бәсеңдеу болды. Ойынның негізгі уақытында да, овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Буллиттер сериясында атыраулық Вишняков соққан шайбамен жерлестеріміз екі ұпайды еншіледі.

Қазір «Бейбарыс» 30 кездесуден кейін 70 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Көш басындағы «Арланның» 32 ойыннан 77 ұпайы бар.

Атыраулықтар келесі кездесуін желтоқсанның 14-15-і күндері сырт айдында Петропавлдың «Құлагерімен» өткізеді.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*