БЕРСЕҢ – БАЛАҒА БЕР!

 

Аталмыш акция аясында көмекке мұқтаж деген оқушылар оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қамтылып келеді. Бұл тарапта ата-аналармен бірге, ұстаздар қауымының, кәсіпкерлердің, түрлі сала қызметкерлерінің, демеушілердің көрсетер көмегі мол. Облыстық, аудандық әкімдік, басқарма, департаменттерден бастап болашағымыз – балалардың алаңсыз мектепке баруына барынша жағдай жасауда.

–  Бүгінгі қоғамда тұрмыстық жағдайдың төмендігінен балаларын мектепке апара алмай отырған немесе оларды сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен қамтып, киіндіруге шамасы жете бермейтін отбасылардың аз да болса бары рас. Осы орайда,  мәселенің шешімін тауып, балалардың мектепке бармай қалуының алдын алу мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» атты республикалық акциясын жыл сайын өткізіп келеді. Біз де мұндай игі шарадан тыс қалмай, аз қамтылған отбасы балаларына қолдау білдіруді жөн көрдік, – деген облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева Тоты Ермекова мен анасы Нұргүл Хасановаға ақшалай сыйлық пен оқу құралдарын табыстады. 

– Біз үшін тосын сый болды. Қазіргі кезде оқу құралдары арзан деп айта алмаймын.  Қызым Тоты биыл төртінші сыныпқа барады. Оқу үздігі, – деген Н.Хасанова аталмыш басқарма ұжымына  алғысын білдірді.

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ.

Суретті түсірген

Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

 

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*