Берсең, балаға бер!

Жүйке жүйесі ауруына (ДЦП) шалдыққан бір топ баланы NSS компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Ақдрашев оңалту орталығына жіберетін болды.

img_5211-768x576

«Мүмкіндігі шектеулі балалар Атырау қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің оқушылары болып табылады. Бірінші және екінші сыныпта оқитын Злиха Серік, Эльдар Батырбекұлы мен Айсұлтан Дүйсемалиев бүгінде үйден білім алып жатыр. Балалардың денсаулығын оңалтуға жағдай жасаған Ибрагим Ақдрашев мырзаға ата-аналардың ризашылығы зор. Және де Ибрагим мырзаның демеушілігімен жақында осы үш балаға іРad құрылғылары мен азық-түлік себеті табыс етілді. Сыйлықтарды балаларға бас демеушінің ұлы — «НефтеСтройСервис» компаниясының жергілікті филиалының директоры Сүлеймен Ақдрашев арнайы келіп үлестірді» дейді Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Ардақ Алдамжарова.

img_5227-768x576

Қайырымдылық шаралар жалғасуда. Атыраулық жеке кәсіпкер Алтай Енжілов, аталған мектептің оқушысы болып табылатын  тұлдыр жетім төрт баланы толықтай киіндіру мақсатында 300 мың теңге бөлді. Және «Балдәурен» сауда орталығының директоры Айгүл Күзекешова аз қамтылған бес отбасының балаларын 400 мың теңге көлемінде киіндірді. Әлеуметтік жағдайы төмен саналатын Құбашев, Есіркепов, Еркебаев, Жеделбаев отбасыларының балалары да қамқорлық шараларынан тыс қалмады.

Жабырқау жүректерге жан жылуын сыйлаған азаматтарымыздың ісі көпке үлгі болғай!

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*