БЕРЕКЕГЕ БАСТАР ЖОЛ

Астанада өткен партияның кезектен тыс съезінде саяси ұйымның жаңа Доктринасы қабылдануымен қатар, Жарғыға бірқатар өзгерістер енгізілген болатын. Оның ішінде партия жарнасы ең төменгі жалақының 1 пайызына дейін көтерілді. Және де партияның эмблемасы мен атауына өзгерістер енгізілді. Осы мәселелерді атап көрсеткен «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Серік Айдарбеков одан әрі саяси доктринаның маңыздылығына тоқталды. «Доктринада мемлекеттік тілдің ел бірлігінің факторы ретінде аталғаны аса маңызды. Қазақ тілін білу азаматтық парызымыз ғана емес, ұлтқа деген құрметті білдіру болып табылады. Сонымен қатар, Елбасы партияға мемлекеттік тілді нығайтуға, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға байланысты қоғамдық-саяси жұмыстардың тиімді жүйесін жасауды тапсырды» деген Серік Кенғанұлы «Электрондық партия» жобасын жыл соңына дейін енгізуді міндеттеді.
«Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Асқар Бопылдықов өз кезегінде «Дина» сауда орталығынан «Кеңес орталығының» ашылып, жұмысын бастағалы отырғандығын жеткізді. Және де қаладағы жастар ұйымдарымен жұмыс жасауға бөлінетін қаражаттың көлемін ұлғайтуды сұрады. «Сонымен қатар, құрылысы аяқталып, халық қоныстанған бірнеше үйлердің бірінші қабаттары бос тұр. Қаладағы әр ауданнан осындай орындарды «Жастар ресурстық орталығының» немесе жастар ұйымдарының қолына беруіңізді сұраймын. Өйткені, мұндай жерлерге түрлі спорттық, шығармашылық сипаттағы шаралар ұйымдастырып, секциялар ашып, жұмыс жасай аламыз» деді ол.
Басқосу барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бұйрығымен қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған Қанат Әзмұханов таныстырылды. Одан әрі кеңес мүшелері әріптестерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, халқымыздың тұрмысын жақсартуға, мемлекеттің дамуын қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуға шақырды.
Кеңес барысында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әзмұхановтың, саяси кеңес мүшесі Елена Пересыпкинаның Доктрина және онда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға байланысты ой-пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.
Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*