БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Тұрғындардың таңғы сағат алтыдан бастап учаскеге үздіксіз ағылуын «үгіт-насихат жұмыстарының жақсы жүргі-зілгендігі» деп түсіндірген №49 сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Мақсот Төлебаев, Қазақстан азаматтарының ауызбіршілікпен, қашанда ұйымшылдықпен іс атқаратындығы бүгінгі саяси науқан кезінде де айқын аңғарылғандығын айтты. Науқастанып қалған  қарттарды да назардан тыс қалдырмаған аталмыш учаске қызметкерлері 14 азаматтың үйіне сайлау бюллетеньдерін апарды.

Маңызды шарадан қалыс қалмай, өз таңдауын жасауға келген ағылшын тілінің мұғалімі Райса Бакирова «Тәуелсіз елімнің болашағы маған да қымбат, сондықтан оған өз дауысыммен үлес қостым. Аға буын өкілі ретінде ұрпақтарымызға үлгі болу мақсатымен дауыс беруге ертелетіп келдім», – деп,  зейнеткерлікке шықса да, еліміздің ертеңі – жас-ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісінен қол үзіп қалмағандығын айтты.

№22, №24 орта мектептерде орналасқан №50, №51 дауыс беру учаскелеріндегі көңіл-күй де мүлде бөлек. Білім ордаларының алдында өнерлерін ортаға салған оқушылар патриоттық әндер айтып, мың бұрала билеп жатты.  Айта кетерлігі, №50 сайлау учаскесіне бір мезетте екі жүзден астам әскери қызметкер келіп дауыс берді. Ол жерлерде келушілерге арналған ыстық тамақ жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

№52 (И.Тайманов атындағы орта мектепте орналасқан) және №53 (Қазақстан темір жолы ҰҚ АҚ Атырау сигнализация және байланыс дистанциясында орналасқан) сайлау учаскелеріндегі жағдай да дәл осындай. Комиссия мүшелері сайлаушылардың белсенділігін айтып жатты…

 

Мәлике ҚУАНЫШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*