«Бекіре-2018» балық қорғау науқанының алғашқы нәтижелері жарияланды

Атырауда «Бекіре-2018» балық қорғау науқанының алғашқы нәтижелері жарияланды. Құқық бұзушылардан 768 кг балық тәркіленіп, оның 32 кг бекіре тұқымдас түрлеріне 336 мың 800 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұл туралы «Бекіре-2018» акциясының үйлестіру штабының отырысында Атырау облыстық орман және жануарлар әлемі инспекциясының өкілі Олег Тушканов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-04-09 at 11.49.12

Акция басталғалы қоршаған ортаны қорғау заңнамасының 47 рет бұзылуы анықталған. Олардың 42-і Атырау облысының аумағында, 3-і Маңғыстау облысында, 2-і БҚО-да.

28 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 балық аулау және 5 бірлік жүзу және көлік құралдары тәркіленді. Сонымен қатар, науқан барысында мемлекеттік тапсырыс бойынша екі бекіре зауытына салмағы 100 кг, ұзындығы 2 метр бекіре, салмағы 38 кг бекіре және екі шоқыр балығы ауланды.

Хорлан СМАДИЯР

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*