«Бекіре – 2017» басталды

Бүгін «Бекіре-2017» кең ауқымды балық қорғау акциясы басталды. Бұл бекіре тұқымдас және басқа да «су маржаны» қорын сақтау, талан-таражға түсуіне жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр.

«Бекіре – 2017» басталды

Кеше  осы шараға орай өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Оған Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Марлен Айнабеков бастаған ресми орындар басшылары, құқық қорғау органдарының жетекшілері, балық шаруашылығының өкілдері қатынасты.

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы науқан кезінде 20 бекет ұйымдастыруда. Оның 13-і жылжымалы түрде қызмет ететін болады. 97 мемлекеттік қызметкер, сондай-ақ, 10 патрульдік өзен катері, 12 шағын кеме, өзге де техникалар тартылады. Облыстық ішкі істер департаментінен 232 қызметкер,  жағалаудағы патрульге, стационарлық бекеттерге 36 әскери қызметші жұмылдырылады. Пешной бағытындағы, Атырау мен Астрахан, Ақтөбе, Орал қалалары аралығындағы күре жолдарға бекеттер орналастырылды.

Жүрдек теңіз катерлері бар, тікұшаққа да ие шекара қызметінен 60 адам өз міндетін атқаруға сақадай сай отыр. Акция кезінде Атырау, Ақтау және Орал қалаларында балық өнімін заңсыз сату орындары туралы мониторинг жүргізіледі. Айта кетейік, биыл атыраулық балықшыларға бөлінген квотаның көлемі 14 мың тоннаны құрайды.

Азамат Базарбаев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*