БЕДЕЛ ЖИҒАН «БЕЙБАРЫС»

Алғашқы күнгі кездесуде «Бейбарыс» командасының ойыншылары Ян Макдональд, Мартин Херман және Владимир Мамонов ерекшеленді. Ал, екінші күнгі кездесуде жеңіске жетуге құлшына кіріскен қонақтар үш минуттың ішінде-ақ қақпамызға екі рет шайбаны енгізіп үлгерді. Көп ұзамай «бейбарыстық» Иржи Елинек «алматылық» қақпашы Владимир Еремеевтің осал тұсын тапқанымен, Эльдар Нажмутдинов командасына үшінші голды сыйлады. 
Кейінгі екі кезеңде жеңіске бел буған Александр Истоминнің тәрбиеленушілері алты рет қатарынан шайба салып, тағы да жеңіске жетті. Гол авторлары атанған – Александр Зубков, Алексей Данилов, Евгений Дерябин, Ян Макдональд.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*