БАҚЫТГҮЛ – БҰРЫМДЫЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖАҢА ҚАТЫСУШЫСЫ (+ФОТО)

ddf4e855647066984282671194ad0985 slider Қоғам

Atr.kz/15 наурыз, 2019 жыл. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық  колледжінің 1 курс студенті Бахытгүл  Ақбисенова – газетіміз жариялаған «Қайдасың, бұрынғының бұрымдысы?» байқауының кезекті қатысушысы.

– Мен Құрманғазы ауданының Котяев селосында 2001 жылы қаңтардың 31 жұлдызында дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжде бастауыш пәні мұғалімі мамандығында білім алудамын.

Akbisenova B 2

Ата-бабамыз сонау ықылым заманнан бері қазақ қыздарының ұзын шашының әр талына бақ қонады деген ұғым қалыптастырған. Расымен де бұрым – сұлулықтың белгісі, қыздардың ары мен абыройы.  Мен де шашымды кішкентай кезімнен бері өсіріп келемін.

Қазір шашымның ұзындығы 1 метр 20 см.  Бұрымның ұшына алтын немесе күміс теңгелер мен моншақтар таққан уақытымда, әсем дыбыстар шығып, менің жүрісіме үн қосып, ажарлана түсемін.

Шаш күтімінде өзгеше құпиям жоқ. Аптасына 2 рет қарапайым сусабынмен жуып тұрамын. Шаш тегістегіш үтік, кептіргіш сынды электр құралдарын қолданбаймын. Содан болса керек, шашым қалың, қара түсті. Қыз баланың сәні өрілген бұрымы деп түсінемін. Сондықтан әр қыз бала шашын әдемі қылып өсірсе одан сайын көріктене түсетіні сөзсіз.

Akbisenova B
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Саясат

    Оте керемет кызбаланын шашы узын болган ажарланып корикти болып журе бер саттилик

  2. Кунимжан Яхияқызы

    Жарайсың!
    Биіктен көріне бер.

  3. Крупская орта мектебi

    Керемет! Жеңіске жетуiне тілектеспiз.

  4. Гулмайра

    Саттилик тек кана алга