«Баянды бақ» түрмеде сахналанды (ФОТО)

Жазушы Мәлік Отарбаевтың «Баянды бақ» пьесасын Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері жазасын өтеушілер алдында сахналады.

IMG_4722

Пьеса болған оқиға негізінде жазылған және ол басынан соңына дейін бір адамның тағдырына байланысты жайттарды суреттейді. Атыраулық труппа қойылымды қазақ-түрік тілінде қойды. Ахыска жерінің тумасы Жасминнің тағдырын көрермен ерекше тебіреніспен тамашалады.

IMG_4643

IMG_4651

Қойылым соңында бас режиссер М.Томанов бір сағат 40 минутқа созылған қойылымның шығу тарихын баяндап, көрермендермен пікір алмасты. Шараның қорытынды бөлігінде «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы Б.Жолдасов, «Исламдағы отбасы аманаты» тақырыбында уағыз жүргізді.

IMG_4686

«Халқымыз «ақ неке», «адал неке», «адал жар» деген ұғымдармен отбасының, некенің қасиеттілігін ардақтап келеді. Отбасы шағын мемлекет болғандықтан, қоғамда отбасын құру, оны сақтау мәселесі өзектілігін ешқашан жоймақ емес. Неке – отбасын құрудың негізі. Әрі, ер мен әйелдің өз еріктерімен өмір бойы бірге өмір сүруін қамтамасыз ететін, бірін екіншісіне адал ететін материалдық-рухани байланыс»,-деп сөзін қорытындылады.

УГ 157/9 түзеу мекемесінде өткен мәдени шараны Атырау облысы Дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Шапағат» орталығы ұйымдастырды.

IMG_5024

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*