БАЯНДЫ БОЛАШАҚ КЕПІЛІМІЗ

Есіл ерлер ел намысын, жер намысын жауға бермеді. Бөгенбай, Қабанбай, Райымбек, Ағыбай мен Қарасай, Наурызбай сынды батырлар ел тағдыры жолында жандарын пида етіп, отаршылдық езгіге қарсы ақыл-ойларын, қажыр-қайраттарын қазақ халқының елдік мұраттарына аямай жұмсады. Қаншама қазақ қуғын-сүргін құрбаны болды, қаншасы жан сауғалап, басқа елге жер ауып кетті… Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев сияқты қазақтың ұлы зиялылары елі үшін, халқының бостандығы үшін құрбан болды. Міне, қазақ халқы бүгінгі Тәуелсіздікке осындай азапты басынан өткеріп жетті.
Бүгінгі қол жеткен тәуелсіздікті баянды етіп, нығайту – Қазақстанды көпұлтты мемлекет етіп біріктіріп тұрған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы. Президенттің ұсынысымен Елорда Алматыдан Астанаға көшірілді. Семей полигоны жабылды. Бүгін Астана өзіндік тарихы бар әсем шаһарға айналды. Ол – бостандығымыздың, Тәуелсіздігіміздің символы.
Президенттің тікелей бастамасымен мемлекетімізде тұңғыш рет біртұтас «Жас Ұлан» бірегей жастар қозғалысы мен «Жас Қыран» атты жас балалар ұйымы құрылды. Сонымен қатар, «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» сынды жастардың жобалары белсенді түрде жұмыс жасауда. «Болашақ» халықаралық стипендиясымен студенттер шет елде сапалы білім алуға қол жеткізді.
Жақында «Сәтті қадам» атты бағдарлама жүзеге аса бастады, онда жоғары оқу орындарының 80 студентін ірі компаниялардан тәжірибеден өткізу көзделді. Қандай керемет істер десеңізші. Мен де барша жерлестерім секілді Елбасы есімінің ел тарихында алтын әріппен жазылатынына нық сенемін.

Диас АЙБАРОВ,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университетінің бірінші курс студенті.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*