Батырханның жеке куәлігін саудалағаны үшін 4 жылға сотталуы мүмкін

Интернет желісінде танымал музыкант, марқұм «Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігі сатылуда» деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай заңгер Сергей Уткин өмірден озған әншінің куәлігін саудалаған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін айтты,-деп жазады Tengrinews.kz.

батыр

«Мұнда куәлікті саудалаушы адам заң бұзып отыр. Өйткені ескі құжаттар жойылуы тиіс. Егер ол расымен құжаттама бөлімінің қызметкері болса, оған қатысты қатаң шара қабылданып, еңбек шартын өрескел бұзғаны үшін жұмыстан шығарылуы керек. Ал аталған мекеме қызметкері болмаған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет»,-дейді заңгер.

Бұған дейін Шүкеновтің куәлігін саудаға қойған  Әнуар есімді жігіт бұрын құжаттама бөлімінде жұмыс істегенін айтқан болатын. Осыған сәйкес, заңгердің пікірінше, атақты адамның куәлігін сатып, табыс таппақшы болған адам Қылмыстық Кодекстің 250-інші бабы бойынша, яғни «Қызметтік лауазымын пайдаланғаны үшін» іс қозғалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Айқара Ғұмар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*