Нұрлан Әлімжан: «Өмірімдегі ең бақытты сәт осы»

photo 2018 12 04 15 22 37 Жаңалықтар

«Президенттің рөлін сомдау – кез келген актердің басына бұйыра бермейтін бақыт. Сондықтан, бұл  мен үшін үлкен жауапкершілік қана емес, өз алдына бір тарихи белес болды» дейді белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Әлімжан.

photo_2018-12-04_15-22-37

Бастапқыда халық сізді «Ағайындылар» фильмі арқылы кеңірек тани бастады. Дейтұрғанмен, Елбасының рөлін сомдағаннан кейін халықтың сізге деген құрметінің ерекше артқаны байқалады. «Балалық шағымның аспаны» фильміндегі рөл сіздің ішкі дүниеңізге, таным-түйсігіңізге қалай әсер етті?

– Журналистер тарапынан ең жиі қойылатын сұрақтың бірі осы. Шыны керек, Елбасының рөлін сомдау кезінде актер ретінде үлкен мектептен өттім. Аталған рөл мен үшін үлкен тәжірибе, тіпті тарихи белес болды деуге толық негіз бар. Бұл жерде мынаны ескеру керек. Мен Елбасының Президент болған кезіндегі сәтін сомдаған жоқпын. Ол кісінің жастық шағын сомдадым. Міне, фильмнің құпия кілті де осында. Яғни, жас жігіттің алдына белгілі бір мақсатты қоюы және оған жету жолындағы табанды күресі. Мұның барлығы өмірдің өзінен алынған картиналар.

– Әдетте, біз Мемлекет басшысын теледидардан, жиналыстардан көреміз. Сіз рөлді сомдай отырып, оны тұлға тұрғысында қаншалықты тани алдыңыз?

– Президент – қарапайым халықтың ішінен шыққан ірі тұлға. Ата-анасынан алған тәлім-тәрбиесі, өскен ортасынан алған рухани ілімі зор тәжірибе болып жинақталып, оны бүгінгі күнге жеткізді. Президенттің феномендік қыры да осында.

– Аталмыш рөл актерлік әлеміңізге қаншалықты әсер етті? Киногерлер тарапынан ұсыныс түсу жағы қалай болды?

– Бұл рөл мен үшін тарихи миссия болды. Және де фильм актерлік әлеміме карт-бланш әперді деуге болады. Рас, бұл фильмнен кейін үлкен рөлдерде ойнағаным жоқ. Себебі, киноның сценарийін көріп, кейіпкердің іс-әрекеттерімен таныса келе, ұсынысты қабылдамауға тура келіп жатты.

– Көптеген ұсыныстардан бас тартқаныңыз үшін сізге «жұлдыз ауруы» диагнозын қойғандар көп болды. Өзіңіз қалай ойлайсыз?

– Әрине, рөлдің үлкен-кішісі болмайды. Актер үшін маңыздысы – рөлдің жүрекке жақын болуы. Өз басым адамға рухани азық беретін рөлдерді ойнағанды ұнатамын. Сондықтан, бұл мәселеге көрермен қауым түсіністікпен қараса екен деймін.

– Генералдық лауазымды армандамайтын сарбаз, Гамлетті сомдауды армандамайтын актер жоқ. Маған ондай ұсыныстар түспесе де, Абылай ханды, Сәкен Сейфуллинді немесе басқа да «Алаш» қозғалысы қатысушыларының рөлін сомдауға іштей дайындық жүргізіп жүрмін.

Әңгімелескен: Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 

Нұрлан Әлімжан 1984 жылы Көкшетау өңіріндегі «Кеңащы» елді мекенінде дүниеге келген. 2001-2005 жылдары Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында білім алды. 2003-2009 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері болып қызмет атқарған. Ең алғашқы түскен фильмі «Шолпанның күнәсі» (Әзімбай рөлі) деп аталады.  «Бақсы», «Ән мен анаша», «Ағайындылар», «Ақсарбас», «Теміртау көктемі», «Жаужүрек мың бала», «Балалық шағымның аспаны», «Көшбасшы» фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған. 60-қа жуық әннің авторы.   ол – Қытай киносына қазақтан түскен тұңғыш актер. Сүйікті ақын-жазушылары ретінде Абады, Мұхтар Әуезовті, Ғабит Мүсіреповті,

Сәбит Мұқановты, Гоголь мен Достоевскийді атайды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз