Халықаралық форум аясында түрлі мәдени шаралар өтеді

92164 b0 Жаңалықтар

14-15 наурыз күндері Атырауда «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» атты халықаралық форум өтеді. Екі күнге созылатын форум аясында ірі көлемдегі бірнеше рухани, танымдық, мәдени және спорттық бағыттағы шаралар жоспарланған.

92164_b0

Форум 14 наурыз күні жергілікті уақыт 11.00-де «Исатай – Махамбет» алаңында «Жаңа жасыңмен, Ұлы дала Елі» фестивалімен басталады. Сол күні 14.30 – 18.00 аралығында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбымен республикалық деңгейде айтыс өтеді. Айтыскерлер тыңдарманын Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драмтеатрында күтеді. Төменде екі күндік форум аясында жоспарланған шаралар тізімін ұсынып отырмыз.

14 наурыз

– 14.30-18.00 – «Ақынға тағзым» атты Фариза Оңғарсынованың әдеби оқулары. Өтетін орны – «Нұрмұхан Жантөрин» ат. филармония, Атырау қ., М.Өтемісов көшесі, 115.

– 14.30-18.00 – қазақша күрестен халықаралық чемпионат. Өтетін орны – Теннис орталығы, Атырау қ., Әбілхайыр хан даңғылы, 48.

– 14.30-18.00 – Қазақстанның халық әртісі Бақыт Қарабалина атындағы күйші-домбырашылардың республикалық байқауы. Өтетін орны – «Құрманғазы» мәдениет сарайы, Атырау қ., Заполярная көшесі,1.

– 14.30-18.00 – «Ән-дария» дәстүрлі әндердің халықаралық фестивалі. Өтетін орны – «Жастар» мәдениет сарайы, Атырау қ., Балыкшы көшесі, 86а.

-19.00-20.30 – «Спикер #7» жастар зияткерлік конференциясы. Өтетін орны – «Armata» мейрамханасы, Атырау қ., Құрманғазы көшесі, 12.

– 19.00-21.00 – Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті. Өтетін орны – «Исатай-Махамбет» алаңы, Атырау қ.

15 наурыз 

– 10.00-12.00 – «Наурыз – адамзаттың материалды емес құндылығы ретінде» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі. Өтетін орны – «Сұлтан Палас» қонақ үйі, Атырау қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 70.

– 10.00-15.00 – байқау, фестиваль, жарыстардың қорытындылануы. Әр алаңның аумағында.

– 14.00-15.00 – Назарбаев зияткерлік мектебіндегі «Рухани Жаңғыру» кіші жобалық кеңсесіне бару. «Ұлы дала ұлағаты» кітабінің тұсаукесері. Өтетін орны – НЗМ ғимараты, Атырау қ., Нұрсая ш.ауд., 11 көше, 22 ғимарат.

– 15.00-17.00 – қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия жанындағы Республикалық сарапшылар кеңесінің отырысы. Өтетін орны – APEC Petrotechnic ЖТМ Атырау қ., Нұрсая м/а.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз