Елімізде жәрдемақыны көтеру мәселесі талқыланып жатыр

Басты жаңалық Қоғам Әлеумет әлеуеті

Atr.kz/21-ақпан, 2019 жыл. «Жәрдемақыны көтереміз!» Еліміздің ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова осылай деп мәлімдеді.

«Десе де жәрдемақының мөлшері қай уақыттан бастап ұлғайтылатыны  белгісіз. Сондай-ақ, министр бүгінгі таңда түрлі ұсыныстар талқыланып жатқанын жеткізді» деп хабарлайды Stan.kz.

Мәдина Әбілқасымова , ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, әр отбасының қажеттілігі жекелей қарастырылып жатқанын айтты. Министрдің сөзінше, бүгінде сырқаты болса емделуге, тұрмыстық мұқтаждықты шешуге, білім алуға жеңілдік жасауға бағытталған бағдарламалар талқыланып жатыр.

«Сан түрлі ұсыныстарды қарастырып, талдап жатырмыз», – дейді Мәдина Әбілқасымова.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *