Қазақстанның бас полицейі ауысты

20190212152454 Жаңалықтар

 Atr. kz / 12 – ақпан.  Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды. Бұл туралы «Ақорда» сайты хабарлайды.

«Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.

Еске салайық, Ерлан Тұрғымбаев Қалмұхамбет Қасымовтың орнына Ішкі Істер министрі болып тағайындалып отыр.

Ол 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болып келген.

20190212152454
ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз