Министр Әбілқасымова отставаға кету туралы талапқа жауап берді

4f5de6f9529f1a83 Жаңалықтар

Atr. kz / 12 – ақпан.   «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова әлеуметтік желілерде халықтың отставкаға кетсін деген талабына жауап берді» деп хабарлайды arasha.kz.

4f5de6f9529f1a83

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі – Мадина Әбілқасымова

«Ең күрделі мәселелер біздің министрлікке қарайтындықтан, сынды жиі естиміз. Ең бастысы, біз осы сыннан ой түйіп, қорытынды жасаймыз, жағдайды жақсартуға тырысамыз. Алдағы уақытта мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданады», – деп сендірді Әбілқасымова.

Айтуынша, жергілікті жерлерде жедел штабтар құрылып, олар көп балалы отбасылардың неге мұқтаж екенін анықтап, олардан ұсыныстар жинап жатыр.

«Барлық ұсыныс жұмыс тобында қаралады. Жұмыс тобының кезекті отырысы осы бейсенбіде өтеді деп жоспарланды. Оған жұртшылық өкілдерін, сарапшыларды шақыру ойымыз бар. Жұмыс тобында әлеуметтік қолдауды жақсарту мен мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды қорғауға қатысты кешенді шешімдер ұсынылады деген ойдамын», – деді министр.

Ол қазіргі таңда әртүрлі бағыт бойынша көптеген ұсыныс түскенін атап өтті. Олар атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жақсарту, жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыру, баспана қолжетімділігі мәселелері.

«Тиісті есептеулер дайындалып, анализ жүргізіліп жатыр, барлығы жұмыс тобына шығарылады», – деді Әбілқасымова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз