Балабақша кезегіне онлайн тіркелуге болады

Screenshot 14 Жаңалықтар

Атырау тұрғындарына енді бүлдіршінді балабақшаға тіркеу және кезегін білу үшін ХҚО мен қалалық білім беру бөлімінде ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.

Screenshot_14

2018 жылы 5 қыркүйектен бастап Атырауда garden.atyrau.gov.kz сайты жұмыс жасай бастады. Мұнда онлайн режимде балабақшаны таңдауға, ол туралы толық ақпарат алуға, мектепке дейінгі мекемелерге кезегін қадағалауға, сондай-ақ SMS немесе e-mail – хабарлама арқылы кері байланыс алуға болады.

Қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмабек Абдоловтың айтуынша, сайт ата-аналардың уақытын үнемдеуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелін және қалалық білім бөлімі мамандарымен жеке байланыс жасауды болдырмауға көмектеседі.

Бүгінгі күні Атырау қаласындағы 42 мемлекеттік балабақшада 13 219 орын бар, оның 1141-і бос. Ата-аналардан 24 925 арыз түсті. Оның ішінде кезекте тұрғандар – 22 408, жеңілдік санатындағы азаматтар – 2 517, – деді Алмабек Абдолов.

WhatsApp Image 2018-09-06 at 16.03.58 (1)

WhatsApp Image 2018-09-06 at 16.03.58

Сонымен қатар, сайтта қаладағы барлық балабақшалардың толық тізімі, арыздардың кезегі, бос орындар бюллетені, алынған жолдамалардың жиынтығы орналастырылған. Ата-аналар үйден шықпай-ақ, балабақшаға кезегін тексеріп, жолдама ала алады. Бұл жерде жеке меншік балабақшалардың тізімі мен бос орындардың саны туралы ақпарат та орналастырылған.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз