Атырауда орталық стадион жаңартылып жатыр (+ВИДЕО)

IMG 20190330 WA0007 БЕЙНЕЖАЗБА
https://youtu.be/wq8N1ddayKM

Atr.kz/30 наурыз, 2019 жыл. «Мұнайшы» стадионының футбол алаңы жаңартылуда.

Жөндеу жұмыстары демеушілер көмегімен жүзеге асуда.
ҚР футбол федерациясының сертификациялау комитетінің 2019 жылғы 14 ақпандағы шешімі бойынша ҚР чемпионатына қатысу үшін сертификациялау комиссиясының сараптама қорытындысы шыққанға дейін «Атырау» ФК-ның алаңы ойын өткізуге жарамсыз болып танылды.
Аталған жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында «Атырау» кәсіпқой спорт клубы» қоғамдық қоры екі ай бойы демеушілерге сұраныс тастады. «GAZ story montazh KZ» ЖШС-і сұранысты қанағаттандырып, алаңды қайта жаңғырту жұмыстарын бастады.

IMG 20190330 WA0010

2019 жылдың 28 наурызында «Мұнайшы» футбол стадионына жасанды алаң төсеу жұмыстарын бастадық. Жұмыстарға қажетті барлық техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда қазу жұмыстары жасалуда. Алдымен жоғарғы қабатын, одан кейін құм және қиыршық тас төсейміз. Содан соң жасанды алаңға қажетті материалдарды әкеліп, дайындаймыз, – дейді инженер-құрылысшы Рахман Хайтқұлов.


Бұрынғы тірі шөп газондары пайдаға аспауына байланысты, демеушліер көмегімен жасанды алаң салынуда. Жаңа алаң ФИФА-ның барлық талаптарына сәйкес келеді, жұмыстары біткен соң футболшыларымыздың игілігіне жарамақ.
Қазіргі таңда «Атырау» футбол клубы өз алаңындағы кезекті ойындарын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-Арена» алаңында өткізуге мәжбүр. Шұғыл және сапалы түрде жұмыстар аяқталған бойда жергілікті команда өз алаңында ойындарын жалғастыратын болады.
Инженер-құрылысшы Рахман Хайтқұлов бастаған команда жұмысы әлем бойынша жоғары бағаланып келед. Оның ішінде Санкт-Петербургтегі «Зенит-Арена» және Алматы-Арена спорт кешенін ерекше айтуға болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз