«Almaly.kz» V Халықаралық балалар өнер фестивалі өтеді

WhatsApp Image 2018 04 23 at 15.16.22 Жаңалықтар

Атырауда «Almaly.kz» V Халықаралық балалар өнер фестивалі 1-5 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-04-23 at 15.16.22

– Қатысушылар «Вокал», «Хореография», «Актерлік шеберлік» номинациялары бойынша сынға түседі. Байқау болашақта Қазақстан атын балалар арасындағы ірі халықаралық байқауларда қорғайтын мықтыларды анықтауға көмектеседі. Одан бөлек, байқаудың басты мақсаты – мемлекеттер арасындағы бірлікті нығайту, – дейді байқау ұйымдастырушылары.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстан, Беларусь, Грузия, Ресей, Украина, Македония және Сербия Республикаларындағы өнер саласында еңбек етіп жүрген өнер қайраткерлері байқауда төрелік етпек.

«Таң сәрі» балалар мьюзик-шоу театры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Білім министрлігі, Атырау облыстық әкімдігі және Атырау қаласы әкімдігі қолдауымен өткелі отырған сайысқа еліміздің шығармашылық ұжымдары шақырылады.

Байқауға қатысу үшін Word форматында «Almaly.kz»-ға өтініш нұсқамасымен tansaria@mail.ru электронды почтасында қабылданады.

Ескерте кетейік, үміткерлер тіркелуіне бір күн қалғанға дейін репертуар өзгертуге мүмкіндіктері бар.

Хорлан СМАДИЯР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз