13 жастағы жасөспірім екі баланың өмірін құтқарып қалды

9332944 Жаңалықтар

     Atr. kz / 18 – ақпан. Оқиға Шымкент қаласында орын алған.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің xабарлауынша, өрт сенбі күні кешке Абай ауданы Құрсай шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шыққан. «Үйде үш бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Түтіннің шыққанын көрген балалардың үлкені көршілеріне барып көмек сұрайды» деп хабарлайды Sputnik сайты.

9332944
Фото – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Хабарды естіген көрші әйел өрт сөндірушілерге xабарласып жатқанда, оның 13 жастағы баласы үйдің ішінде қалып қойған 5 және 3 жасар екі балаға көмектесуге жүгірген. Ол өртене бастаған үйге кіріп, қорқып қалған екі баланы сыртқа алып шығады. Артынша 60 шаршы метрлік үйді толығымен от шарпиды.

Оқиға орнына жеткен өр сөндірушілер жалынды екі сағатта сөндірген.

«Үйде анам бар еді. Бірақ мен оған айтуға үлгермей, дереу жанып жатқан үйге бардым. Қарасам үйдің ішінде өрт шығып, жан-жағы жанып жатыр екен. Сол үйдің 6 жасар қызы мен 3 жасар баласы бір шетте қорқып отырды. Түтінге тұншыққан ба, әйтеуір есінен тануға шақ қалған. Дереу кішкентайын қолыма көтеріп алдым да, үлкенін жетектеп алып шықтым. Сыртқа шыққан соң су беріп, көмектесуге тырыстым. Көршінің үйіне алып бардым. Анам құтқару қызметіне хабарласты. Кейін ата-аналары да келді»,- деді балаларды құтқарған Бақытжан Беркімбай бүгін Шымкент қалалық ТЖД өткізген баспасөз мәслихатында.

20190218140348
Бүгінгінің батыры – Бақытжан Беркімбай
20190218140420
Фото – Казинформ
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз