БАСТЫ БАҒЫТ – ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНА

Алайда, бейсенбі күні ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте аталған бағдарлама еліміздің барлық өңірлерінде бірдей деңгейде еместігі айтылды, ал, кейбір аймақта бүгінгі күнге дейін мүлдем жүргізілмей отыр. Елбасының Жолдауына сәйкес бағдарламаның басты бағыты қолжетімді тұрғын үйге негізделген. Бағдарлама бойынша Атырау облысында мемлекеттің қолдауымен 2020 жылға дейін 700 мың шаршы метр пәтер салыну жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыс әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арасында қол қойылған Меморандум аясында тұрғын үй салуға 35 гектар жер бөлінді.
Қазірде 180 мың шаршы метр, яғни, үш мыңға тарта пәтер құрылысы жүргізілуде. Ал, соңғы жылдары 1,2 млн. шаршы метр үй салынған. Бірақ, бұл үйлер инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы жүргізілмегендіктен, пайдалануға берілмей отыр. Оған кезінде бірнеше нысанды бір мердігердің иемденуі себеп болған. Тұрғын үй шаруашылық кешенін жаңғырту бағдарламасы да өңірде 72 пайызға орындалған. Премьер-министрдің бірінші орынбасары барлық аймақта бұл жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.
Селекторлық кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов және облыстық басқарма басшылары қатысты.

Қосұйым МҰҚАШЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*