«Бастаудан» бас тартпа!

Өңір тұрғындары кәсіпкерлікке бет бұрғанымен, мемлекет ұсынған мүмкіндікті пайдалануға құлықсыздық танытып отыр. Мәселен, «Бастау» жобасы бойынша оқып шыққан 663 адамның тек 64-і ғана жеңілдетілген несие алған.

?????????????????????????????????????????????????????????

Кәсіпкерлердің дені кепілзаттың болмауы себепті несие рәсімдей алмай жүр. Сондай-ақ, олардың өтінімдері ұзақ қаралады. Аймақтағы жеті аудан тұрғындары да кәсіпкерлікті дамыту ұйымдарының несиелерін пайдалана алады. Бірақ, олар 6 млн. теңгеден көп сұрайды. Қаржылық қор жеткілікті болса да, несие белгілі бір тәртіппен ғана беріледі. Орындалуы тиіс ұсыныс-шарттар мен талап-міндеттер бар.

– Атырау – өнеркәсіптік өңір. Мұнда агроөнеркәсіптік кешен мен сервистік саланы дамытуға мүмкіндік мол. Тек мемлекеттік бағдарламаны жергілікті жерде жүзеге асырудың нақты механизмін бекіту керек. Бүгінде кәсіпкерлерге арналған «Бастау» жобасының аймақ экономикасы үшін маңызы зор. Нарық жағдайына байланысты жұмыстан босатылған азаматтарды бизнеске оқытуға болады. Демек, бұл – әлеуметтік жоба. Бұл тұрғындарды оқытып қана қоймай, қаржыландыру мәселесін шешу де қарастырылған. Өкінішке қарай, бағдарлама толық қуатында іске аспай тұр.

Әр ауданның, ауылдың өзіне тән табиғи, климаттық және басқа да ерекшеліктерін ескерген жөн. Сол бағытқа әр кәсіпкерді бейімдеу қажет. Біз өз тарапымыздан қаржыландыру шарттарын қайта қарап шығуға дайынбыз, – дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Бауыржан Оразғалиев.

Ал, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтің хабарлауынша, бүгінде аймақта аталған бағдарламаның төртінші легі жүзеге асуда. Тыңдаушылар саны 200-ден асады.

– Жоспарға сәйкес, биыл 1325 адамды оқыту көзделген. Алайда, қазір кәсіп ашуға бөлінген 241 миллион теңге жеңілдетілген несиені тек 64 адам ғана алып отыр. Бұдан бөлек, 22 бизнес-жоба қаржыландыруға жіберілді. Тағы 43 жоба екінші деңгейлі банктерде, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен аграрлық-несиелік корпорацияда қаралымда жатыр. Бүгінде талдау нәтижесі көрсеткендей, қаржы алу мәселесі екінші деңгейлі банктерге тіреліп отырғаны анықталды. Осы орайда, Атырау мен Құлсары қалаларының тұрғындары қажетті қаражатты «Даму» қоры арқылы «Сбербанк» акционерлік қоғамының жергілікті филиалынан алатын болып шешілді, – дейді өңірлік палата басшысы.

 Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*