БАСПАНАЛЫ БОЛУ БАҚЫТЫ

 

Конституциядағы заңдылық шеңберінде көп балалы аналарға, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жетімдерге, жастарға арналған бағдарламалар негізінде талай қоныстойларға қол жетуде.

Мен осыдан екі жыл бұрын баспанаға мұқтаж жас отбасы ретінде кезекке тұрдым. Пәтер жалдау қиынға түссе де уақытша солай күн кешуге тура келді. Себебі, бір күндері баспана берілетіні анық еді. Бұл сенімге Ата Заң кепіл дегенді алға тартып, баспананың жоқтығына еш мойынсынбадық. Елімізде «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасы іске қосылып, оның жас отбасыларды тұрғын үймен қамту бағыты белгіленгенде пәтерге кезекке тұрып, банк арқылы есепшот ашып, оған қаржы жинай бастадық. Сөйтіп, бір жылдан кейін көптен күткен арманымызға қол жеткізіп, Алмагүл мөлтекауданынан бой көтерген жаңа үйлерден баспаналы болдық.

Бүгінде ашық, жарқын, мұнтаздай таза екі бөлмелі пәтерде өмір сүрудеміз. Баспанаға қол жеткізген бақытымызды балалар да сезініп, жүздерінен қуаныш оты арылған емес. Кейін қуанышымыз жалғасып, балалардың балабақшадағы кезегі келіп, аталған мөлтекаудандағы жаңа балабақшаға орналастырылды. Мұның бәрі ел Конституциясының талаптары негізінде жүзеге асып жатқанын айтқым келеді.

Ата заң – әрбір азаматтың құқығын қорғауда басты кепіл. Олай болса, өзім секілді жастарға айтарым, уақыт оздырмай, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй кезегіне тіркелген жөн. Мемлекет кезектегі азаматтарды баспанамен қамтитыны анық.

 

Гүлфиса ТӨРЕХАН,

Халыққа қызмет көрсету орталығы Атырау

облысы бойынша филиалының есепшісі.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*