Баспанаға бәрінің бар таласы

Басыбайлы баспананы қолжетімді ету. 2017-2031 жылдарды қамтитын «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты осындай. Бағдарламаға сәйкес, он бес жылда ел бойынша 1,5 миллион үй салынуы тиіс. Оның ішінде көп қабаттымен бірге, жеке тұрғын үй секторы да бар. Бағдарлама аясында Атырауда жыл аяғына дейін 37 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бұл – 2007 пәтер. Сонымен кімдер, қалай баспаналы бола алады?

i

«Нұрлы жер» бес бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – ипотекалық несиені қолдау. Яғни, жаңа үй аламын деген азамат кез келген екінші деңгейлі банктен ипотекалық несие рәсімдей алады. Әдетте, банктердің ипотекалық несиені 17 пайыздық мөлшерлемемен беретіні белгілі. Жаңа бағдарламаға сәйкес, несиенің 7 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сонда сіздің қалтаңыздан төленетіні 10 пайыздық өсім.

Екінші бағыт – жеке тұрғын үй құрылысын салушыларды ынталандыру. Сарапшылар үй тұрғызумен айналысатын компанияларға ортақ проблеманың негізінен қаражат екендігін айтады. Ақшадан қысылған компания банктен 17 пайыздық мөлшерлемемен қарыз алуға мәжбүр. Әлбетте, бұл жағдай құрылысы біткен үй бағасының қымбатқа шығуына әсер етеді. Осы проблеманы шешуге енді «Даму» қоры көмекке келеді. Яғни, мемлекет қазынасынан берілетін 7 пайыздық субсидия «Даму» арқылы төленеді.

Үшінші бағыт – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі. Бұл екінші деңгейлі банктердің бағыты. Оған Үкімет қаражат бөледі. Ол ақшаға жергілікті атқарушы орган үй салады. Тұрғызылған үй банк арқылы сатылады. Түскен ақшаға қайтадан жаңа үйлер салынады. Яғни, осы процесс 2031 жылға дейін жалғасады.

БАСПАНАҒА БӘРІНІҢ БАР ТАЛАСЫ

Баспана кімдерге беріледі? «Пәтерлердің жартысы кезекте тұрғандарға, қалған бөлігі салымшыларға үлестіріледі. Басты талап – шотқа пәтер құнының минимум 30 пайызына жететіндей ақша салу.  Және үміткердің соңғы алты айдағы табысы да есепке алынады» дейді бағдарламаға қатысушы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» Атырау облысы бойынша филиал директоры Нұрбол Құрман.

Төртінші бағыт  – жалға берілетін аумақтық тұрғын үй қорын құру. Банктен депозит ашып, ақша жинауға кез келген адамның жағдайы жете бермейді. Міне, осы бағыт мүгедек жандар, жетімдер, яғни, әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтар санатына арналған. Осындай топтар үшін мемлекет арнайы үйлер салады да, оны жалға береді. Бірақ, үй мемлекеттің иелігінде қала береді.

Бесінші бағытжеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Сарапшылар бұл бағыттың жылдарға созылған жер кезегі мәселесінің шешілуіне ықпал етеріне сенімді.

Қазіргі таңда «Сбербанк», «Банк ЦентрКредит», «АТФ Банк», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Tengri Bank», «Цеснабанк», «Bank RBK» банктері «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысатындығын растады.

БАСПАНАҒА БӘРІНІҢ БАР ТАЛАСЫ-2

 P.S.

Басты түйін мынау. Үй алу үшін, сізден міндетті түрде шот ашып, пәтердің  кемінде 30 пайызға дейінгі жарнасын жинау талап етіледі. Және сіздің иелігіңіздегі бұған дейінгі үйлер есепке алынбайды. «Нұрлы жерге» баспанасы жоқтар да, он пәтері бар азаматтар да қатыса алады. Ендеше, есеп-шот ашуға асығыңыз!

Баян ЖАНҰЗАҚОВА.

 Мәлік АМАНОВ,

облыстық құрылыс басқармасының басшысы:

Жер учаскелері дайындалуда

– Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 400 учаске дайындалды. Қазіргі уақытта Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық комитетінің эскиздері бойынша 80 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау үшін тендерлік рәсімдер жүріп жатыр.

Бекітілген бас жоспарға сәйкес, 2019-2022 жылдарға көп пәтерлік тұрғын үй құрылысы үшін жалпы ауданы 120 га жер бөлінеді. Ал, жеке тұрғын үй құрылысына ауданы 28 га болатын жер учаскесі қаралған.

Нұрбол  ҚҰРМАН,

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»  Атырау облыстық  филиалының  директоры:

Қолжетімділік артты

– Жер учаскесін алуға кезекте тұрғандар саны жалпы республика бойынша өте көп. Инфрақұрылым мәселесі толық шешілмегендіктен, Үкіметтің кез келген жерді бере алмайтыны түсінікті. Қазір Атырау қаласында 2004 жылы кезекке тұрғандарға жер учаскесі беріліп жатыр. Кейінгі он жылдықта кезекке тұрғандарға жер қашан дайын болады? Осындайда, «Нұрлы жер» бағдарламасының бесінші бағытына жүгінуге болады. Биыл Атырау қаласындағы Талғайраң елді мекенінен жеке тұрғын үй құрылысын бастау жоспарда бар.

«Нұрлы жер» аясында Атырауда

2017 жылы – 37 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Пәтерлердің саны – 2007

Көлемі – 135,6 мың шаршы метр

2 комментария

  1. Султан

    Уй багасы барибир кымбат сиякты. Будан да бага арзандатылса, мысалга 1, 5 млн тенгеси бар адам да катыса алатын болса осы багдарламага типтен керемет болар еди

  2. Руслан Бек

    Мугедек адамдар ушин жагдай жасаларына куаныштымын. Жана уйлер жана аудандар деген соз. Атырау кенейе туседи

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*