Башқұртстаннан құпия құжаттар табылды

Адам баласының өткен жолдары, қалдырған іздері уақыт керуенімен тарих тұңғиығына еніп, халықтың мұрасына айналады. Халықсыз тарих болмайды, ал, сол тарихтың тірі куәгері архив екеніне сөз жоқ.

Баш____ртстаннан

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға арналған актив мәжілісінде берілген тапсырмалары негізінде, Атырау облыстық мемлекеттік архиві Қазақстан Республикасы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар шетел мұрағаттары мен ғылыми мекемелерін аралады. Қазақстанның ХV-ХХ ғасырлар тарихы бойынша құжаттар көшірмелерін іздестіру және алу шараларының бағдарламасы негізінде өлкеміздің құжаттары сақталған Ресей архивтерімен іскерлік байланысқа қол жеткіздік. Бұдан аса құнды құжаттармен қорымызды байытып, халықтың рухани сұранысын қанағаттандыра түстік.

Атырау облыстық мемлекеттік архиві ағымдағы жылдың маусым айында Башқұртстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне ғылыми экспедиция  ұйымдастырды.

Алдымен, Башқұртстан Орталық мемлекеттік архиві мен Атырау облыстық мемлекеттік архивінің келісімі бойынша «Архивпен жұмыс істеуде қазіргі заманғы ғылыми-практикалық әдіс-тәсілдерді пайдалану және оны жетілдіру жолдары» атты  іс-тәжірибе алмасу бағытында семинар өткіздік. Онда Башқұртстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві  директоры  Хайритдинов Галей Галяутдинұлы «Ресей Федерациясы архивтеріндегі заманауи технологиямен жұмыс жасау бағыты» тақырыбында баяндама жасаса, «Архив: өткен мен келешектің дәнекері, қоғамдағы маңызы»  тақырыбында Атырау облыстық мемлекеттік архиві атынан осы жолдардың авторы баяндама жасады.

Алдағы уақытта Башқұртстан Орталық мемлекеттік архиві мен Атырау облыстық мемлекеттік архиві арасында іскерлік байланысты нығайту бағытында  келісім-шартқа қол қойылды.

Атырау өлкесінің тарихы туралы «Тарихы – терең, келбеті – көркем Атырау»  атты шағын тарихи-құжаттық көрме таныстырылып, қызметтік саяхат жасалды.

Өлкеге қатысты тарихи құжаттарды іздеу, зерттеу жұмыстары бағытында (Қор.4767) «Ғалия» медресесі құжаттарынан 1775 жылғы медресе тарихы, шәкірттер тізімі т.б. құнды құжаттар, ал, (Қор.295) «Оренбургское магометанское духовное собрание» құжаттарынан 1894 жылдардағы 1-2 Приморск округіндегі мешіттер, имамдар тізімі, 2-ші Приморск округінде Собор мешітінің салынуы туралы, Гурьев уезіндегі Жилая Коса ауылындағы діни мешіттердің жайы туралы құжаттар, 1-ші округ бойынша Каспий жағалауы қырғыздарының басқармасына қарайтын мешіттер, Ішкі Бөкей ордасындағы 1-ші Приморск округінен  Айшуақов ісі туралы,  Қабақай ауылындағы молданың  міндеттерін білуі жайында, Есентемір руының молдасына діни атақ беру турлы істер, әртүрлі губерниялардағы приходтар мен діни адамдар тізімі, Орынбор, Орал, казак және башқұрт мишарлардан, Зауралье қырғыздарынан, Ішкі Орда  тұрғындарынан құралған Мемлекеттік  жасақтар үшін қаражаттай қайырымдылық жәрдемі туралы іс, Зауралье облысы қырғыздарына сый құрмет ретінде Ішкі Істер министрлігінен алтын және күміс медальдарды жөнелту туралы істермен танысып, айқындап, өлкеге қатысты құжаттардың көшірмелері алынды.

Кіші Орда халқының тұрмыс-тіршілігін дәлелдейтін құжаттардың табылуы, оларды мұрағат қорына алу, облыстық мемлекеттік мұрағаттың аса құнды қор санын көбейтумен қатар, өлке тарихы үшін үлкен байлық екені сөзсіз.

Қолымызға тиген құжаттар бойынша сарапшылық жұмыс то­бының мүшелері шетелдік қорлардан та­былған жаңа жазба дереккөздерді, ар­хивтік материалдар мен артефактілерді айқындау үшін,  мұрағаттық материалдарға сапалы сараптама  жұмысын жүргізуге кірісіп жатыр. Осы тәріздес жұмыстарды жалғастыру ниетінде көршілес Астрахан облысына, Мәскеу архивтеріне экспедиция ұйымдастыру жоспарлануда.

Алтынбек Нысанғалиев,

Атырау облыстық мемлекеттік архивінің директоры.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*