БӘСЕКЕЛЕСТІК БОЛМАЙ ТАБЫС ЖОҚ

 

Оның атап өтуінше, Ресеймен ортақ нарықта болғаннан кейін, әсіресе, тамақ өнеркәсібі салаларындағы бәсекелестік шаралары бірдей болуы тиіс. Мәселен, теңге бағамы еркін айналым-ға жіберілгенге дейін ресейлік тауардың қазақстандық тауардан орташа құны 30 пайызға қымбат болған. Бірақ, қазіргі уақытта біздің тауарлардың бағасын олармен бірден теңестіруге болмайды.

«Отандық өнімді бірден 100 пайыз ресейлік тауар құнымен теңестірейік деген саясат жоқ. Ол, меніңше, дұрыс емес. Одан кейін Елбасымыз ешкімге де отандық тауар құнын көтеру керек деген мақсат жүктеген жоқ. Мемлекет басшысының атап айтқаны – отандық кәсіпкерлердің тұтыншылардың, қоғамның алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін сезінуі. Яғни, бағаны күрт өсірмеу. Егер тауарыңыз импорт болса, онда көтеруге болады. Бірақ, импорт әкелетін сауда ұйымдарының не болмаса компанияның өз қоймасында бір айлық ескі бағамен әкелген тауары болады. Сондықтан, бірден тауар бағасын көтеру бизнестің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіне жатпайды», – деді ол.

Брифинг барысында Абылай Мырзахметов елдегі банктердің барлығы дерлік «Даму» кәсіп-керлікті қолдау қорының белді операторына айналғандығын айтып сынға алды. «Осы күндері біздің еліміздегі банктердің барлығы дерлік мемлекеттің кәсіпкерлерге үлестіретін субсидиялық қаражатын үлестіруіне орай, олардың қағазын таситын белді операторға айналды. Тіпті, мұны өздері де мойындап отыр. Бұл жайында олар: «біздің «Дамуға» таситын қағазымыз Ұлттық банкке таситын қағаздарымыздан да асып түседі» дейді. Міне, біздің банктеріміз осындай жағдайға жетіп отыр», – дейді Абылай Исабекұлы.

Сонымен қатар, төраға мемлекеттің кәсіпкерлерді қолдау мақсатында беріп жатқан субсидиясы олардың барлығын жүз пайыз қамти алмай отырғандығын да атап өтті. Бүгінде елдегі бұл көрсеткіш бар болғаны – 4-5 пайыз.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*