Бас имамнан бата алды

Атырау облысының бас имамы Батыржан Мансұровтың той салтанатында жастардың некесін қиып, ақ батасын бергені туралы «Facebook» желісінде тараған хабар талайлардың жүрегіне жылы әсер етті.

dsc_7472

Осыған байланысты облыстың бас имамын сөзге тартқан едік. «Той салтанатында имамның неке қиюы – жыл басынан бері екінші рет кездесіп отырған жағдай. Бірде Мақат ауданында жастардың өтінішімен неке қиған болатынмын. Бұл жолғы өтініш – той иелері, яғни ата-ана тарапынан түсті. Ата дәстүрімізге, дінімізге бет бұра бастаған халқымыздың халал той өткізуді ізгі әдетке айналдырып, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша реңк беріп жатқаны қуантады» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров.

a8d0ef5be4cf3931cfa015ddb11dde9d_xl

Айта кетейік, өткен аптада бас имамнан бата алған бақытты жұп – Дәурен мен Эльвира. Шаңырақ көтерген атыраулық екі жасқа облыстың бас имамы адал некенің қадір-қасиеті туралы айта келе, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) сүннетіне сай ұрпақ өрбітудің мән-маңызына тоқталды.

Баян АТАЙМАНҚЫЗЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*