Бас екеу болмай, мал екеу болмайды

Заман жақсарған сайын, неге екенін қайдам, жастарымыз үйленуге тіпті асықпайды. Қазір отыз-қырықтан асқанша сүрбойдақ боп жүрген жігіт көп. Себебін сұрасаң, түрлі сылтау айтады. Ал, біз кезінде «Адам болу – үй болудан басталады» деп түсініп, тезірек шаңырақ көтеруге асықтық. Сөйтіп, небәрі жиырма жасымызда отау тіктік.

%d0%b1%d0%b0%d1%81-%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%83-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d0%b9-%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d0%b5%d0%ba%d0%b5%d1%83-%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b

Шыны керек, одан жаман болмадық. Біреуден кейін, біреуден ілгері дегендей, өз заманымызға лайық өмір сүрдік. Өзім  одақ  бойынша  Мәскеуде өткен картография сайысына қатысып, одан бірінші орынды иелендім. «Алтын диплом» мен қаржылай сыйлыққа ие болдым. Зайыбым Зияда Камелова да – геофизика саласының ардагері, «Алтын алқа» иегері. Бүгінде төрт ұл мен үш қыздан оннан астам немере-жиен мен жиырмадан астам шөбере-жиеншар сүюдеміз. Бұйырса, Тауық жылы екеуміз де 85 жасқа шығамыз.

Сондықтан да, жастар, уақытты текке өткізбей, дер кезінде шаңырақ көтеріңдер. Өйткені, бар бақыт – отбасы болуда!

Мырзабай ӘЗЕРБАЕВ,

геофизика саласының ардагері.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*