Басқармаларда – жаңа басшылар

Кеше облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жаңадан тағайындалған басқармалар басшыларын облыс активіне таныстырды.

jpg

– Жаңадан тағайындалған басшыларға үлкен сенім артылып отыр. Елбасының саясатын жүзеге асыру, алға қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында олар тыңғылықты қызмет жасайды, міндеттерін абыроймен атқарады деп сенеміз, –  деді Нұрлан Асқарұлы.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бисембиев Жасұлан Орақұлы тағайындалды. Ол бұған дейін жастар саясаты мәселелері басқармасына басшылық еткен еді.

Жасұлан Орақұлы –  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің түлегі. Еңбек жолын «Жасыл ел» Атырау филиалында бастаған. «Тарлан-Атырау» ҚБ төрағасы, «Атырау-Ақпарат» КМК төрағасының көмекшісі, Атырау облысы әкімшілігінде бас маман  болып қызмет жасаған. 2013 жылы «Атырау қаласы жастар ресурсы орталығын» басқарды.

Облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы Тілек Махуов өз өтінішіне байланысты қызметінен босатылды. Оның орнына Аманов Мәлік Хайдарұлы тағайындалып отыр. Жаңа жетекшінің соңғы қызметі –  Махамбет ауданы әкімінің орынбасары.

Ол Гурьев политехникалық техникумын, Қазақ – бас сәулет-құрылыс Академиясын құрылысшы-инженер мамандығы бойынша бітірген. Махамбет ауданында түрлі қызметтерде болды, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы  бөліміне басшылық жасады.

Жаңадан құрылған облыстық жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып  Сүлейменов Ғибрат Еркінұлы тағайындалды.

Тәжірибелі заңгер бұған дейін түрлі лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Атырау облыстық прокурорының орынбасары, Жылыой ауданының прокуроры, қалалық және облыстық әкімшілік аппараттарында тәжірибе жинақтаған Ғибрат Сүлейменов бұған дейін облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жаңадан тағайындалған басшылардың қызметтеріне сәттілік тіледі

Азамат Сансызбайұлы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*