Барлық өтініш – назарда

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы бойынша бүгінде 9 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс жасайды. Бұл орталықтарға тұрғындар тарапынан түсетін өтініштер саны өткен жылмен салыстырғанда биыл 398-ге артқан. Және олардың басым көпшілігі баспана мен пәтер, жұмыссыздыққа қатысты. Бұл туралы партия филиалында өткен брифингте айтылды.

Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Шантемірованың айтуынша, партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Өткен жылмен салыстырғанда, пәтер мен жер теліміне қатысты түскен өтініштер  388-ге,  жұмысқа орналастыру туралы өтініштер 286-ға азайған. Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  мәселелері туралы өтініштер 293-ке дейін көбейген. Атап өткен тоғыз қоғамдық қабылдау бөлмесінен бөлек, Атырау қалалық филиалы бойынша «Ынтымақ», «Өрлеу»,  «Бірлік» «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «КазТрансОйл», «№1 округ», Исатай аудандық филиалы бойынша «Жайықмұнайгаз», Қызылқоға аудандық филиалы бойынша «Мұражай», Мақат аудандық филиалы бойынша «Доссормұнайгаз» бастауыш партия ұйымдары қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашып отыр.

Мәлике

мәлік  

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*