БАРКОВТАН БЕКЕТКЕ ДЕЙІН

 

Бекет өз өлеңдерін «бұрыш» күйінде салмайды, шығыстық «күйдіргіш бұрыштан» дайындайды және бұл “тағам” күйдіреді, күлкіден жас ақтырады, көңіл-күй мен өмірлік тонусты көтереді. Оның өлеңдерінде кейіпкер – жәмпей номад секілді әркез ат үстінде. Ол өз олжасын іздеуші тағы ғана емес, өз жүрегінің ханымын өзіне ғашық ету үшін және махаббат ерліктерін жасау мақсатында ой мен қырға орғыған ержүрек сері жігіт. Бірақ, бұл рухани албырттық натурализм мен ойнақы шынайылықтан ада емес, сондай-ақ, ол тән мен қаннан жаралған, жердегі қуаныш атаулыға бөтендігі жоқ ақын, әрі жауынгер.
Әлбетте, Бекет Қарашин өлеңдері түсіндірмелер мен клуб мүшелерінің бағалауларында жоғарғы ұпайды иеленеді, оларды жиі талқылайды, Бекеттің сәтті тәжірибелері мен айқын ақындық тапқырлықтарын ерекшелейді.

Геннадий-Космос ВИНОГРАДОВ, жазушы, Санкт-Петербург қаласы.
Жалғасы бар

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*