БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

 

Бұл жиынға «Үздік отбасы» сайысының жеңімпазы Маржан Дәулетова, қоғамдық ұйым басшысы Гүлнәр Мәмбетова, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің» басшысы Айбарша Иманғалиева және суретші Аңсаған Мұстафа қатысты.

Шараға қатысушылар қоғамда белең алған жастардың мейірімсіздігі мен қыздардың қате басуы салдарынан орын алатын орны толмас жағдайлардың алдын алу керектігін алға тартты. Бұл орайда, алдымен, ата-анаға үлкен міндет жүктелетіні түсінікті.

Суретші Аңсаған Мұстафа да өзінің әлеуметтік тақырыптағы суреттерінде жоғарыда аталған  жайларды қаламына арқау етіп жүргенін айтты.

– Жаза басқан қыз балаға кешіріммен қарап, оның суицидке немесе басқа да қателікке бой алдырмауына қоғам болып көмектесуіміз керек, – деді ол.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*