Бәрі де – халық игілігі үшін!

  Соңғы он жылда қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі орташа алғанда 64-тен 72 жасқа дейін ұзарды. Бұл – нақты статистикалық дерек. Демек, елімізде халықтың қалыпты тұрмысына, денсаулығына жан-жақты қамқорлық жасалып келеді. Тәуелсіздік алған жылдары республикада 1300 медицина мекемесі пайдалануға берілді. Мұндай меже бұрын-соңды алынған емес.

   Атырау аймағында тұрғындарға 176 амбулаториялық-емханалық және 30 стационарлық медицина мекемесі қызмет көрсетеді. Республикалық «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» бағдарламасы аясында өткен жылы ғана 19 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. Облыстық перзентханаға күрделі жөндеу жүргізіліп, ол перинатальдық орталық болып қайта ашылды. Индер ауданында ауысымына 100 келушіге есептелген емхана қатарға қосылды. Жергілікті атқарушы биліктің тікелей басшылығымен Геолог кентінде 100 орындық емхана құрылысы жалғасуда. Ал, Нұрсая ықшамауданында 180 адамдық жұқпалы аурулар ауруханасы пайдалануға берілмек.

     Жалпы, тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде облыста сары ауруға шалдыққандар 170, өкпе дертімен ауыратындар бес, өткір ішек сырқатына ұшырағандар жеті есеге азайды. Ал, іш сүзегі, қырылдауық, сал, көкжөтел секілді балалардың қауіпті жұқпалы аурулары мүлдем жойылды. Былтырдан бастап аймақта үш ауысыммен жұмыс жасайтын мектептер жоқ. Апатты жағдайдағы білім ошақтарының саны екі есе кеміді. Өткен жылы 1250 орындық бес балабақша, 970 шәкіртке арналған төрт мектеп қатарға қосылды. Мұның бәрі – елімізде халық денсаулығына деген жан-жақты қамқорлықтың нәтижесі. Демек, бұл бағытта бөлінген қаражат мақсатты игерілді.

(Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз).

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*