Балықшы жазған бағалы кітап

Жаңа жылдың қарсаңында атыраулықтар тағы бір жағымды жаңалықтың куәсі болды. Облыс әкімдігінде есімі елімізге танымал Атырау өлкесі ардақтыларының бірі, балық шаруашылығы саласының ардагері, белгілі эколог Бостан Сүлейменовтің  «Жайық-Каспий адамдары, экологиясы және биоресурстары» атты кітабының таныстырылымы өтті. Тұсаукесер рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатысты.

%d1%81%d1%83%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b1-%d1%88-%d0%ba%d0%bd%d0%b8%d0%b3%d0%b0-1

Бостан Шәмішұлы 1938 жылдыің тамыз айында бұрынғы Теңіз, қазіргі Құрманғазы ауданының Ботақан ауылында дүниеге келген.

%d1%81%d1%83%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b1-%d1%88-%d0%ba%d0%bd%d0%b8%d0%b3%d0%b0-16

1962  жылы отбасы жағдайына байланысты Атырау қаласына қоныс аударады. Содан соңғы саналы ғұмырын облысымыздың балық қорғау ұйымдарында, шаруашылықтары мен кәсіпорындарында, жергілікті атқарушы билік құрылымдарында жалғасты. Осылайша, ол ұзақ жылдар бойы  «Гурьеврыбпром» өндірістік бірлестігін (кейіннен «Атыраубалық»  АҚ) басқарып, аймақта алғаш рет құрылған экололгия комитетінің басшылығында болды, он жылдан астам мезгіл көршілес Маңғыстау облысында түрлі жауапты жұмыстарды атқарды. Құрметті еңбек демалысына шықса да, әлі күнге Атырау орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясында қызмет етуде.

%d1%81%d1%83%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b1-%d1%88-%d0%ba%d0%bd%d0%b8%d0%b3%d0%b0-20

Облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Жұмашұлы кітап авторына өзінің атынан жазылған  Алғыс хатты  табыс етті. Жаңа туынды жөнінде кезінде Бостан ағамен қызметтес болған үлкенді-кішілі әріптестері ой-пікірлерімен бөлісіп, игі тілектерін жолдады. Олардың қатарында Батырбек Юсупов, Жұбай Сапаров, Балжан Мұхамбеталиева, облыстық  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мұрат Ермекқалиев,  «Інжу-Маржан»  ЖШС директоры Гүлфара Ысмағұлова, ардагер журналист Айтқали Нұрғалиев, т.б. атауға болар еді.

%d1%81%d1%83%d0%bb%d0%b5%d0%b9%d0%bc%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b1-%d1%88-%d0%ba%d0%bd%d0%b8%d0%b3%d0%b0-18

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*