Балдай ӨТЕҒАЛИЕВА, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары: ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ПАЙДАСЫ

Өндірістік процестерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен оларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі 2523 жұмыс берушімен және кәсіподақтармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл қадам 114,9 мың адамның жұмыс орнын сақтап қалуына ықпал етеді.

Осы орайда, жұмыс берушілермен арада қызметкерлерді жұмыста қалдыру мүмкіндіктерін қарастыру немесе басқа жобаларға ауыстыру бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өткім келеді. Нәтижесінде қысқартуға жоспарланған 3522 адамның 2879-ы жұмыс орындарында қалдырылды. 

Әлеуметтік әлсіз санаттағы топты кедейлік деңгейінен шығару мақсатында Атырау қаласында және Құрманғазы ауданында «Өрлеу» пилоттық жобасы іске қосылды. Оған 129 адамнан тұратын 22 отбасы тартылды. Жобаға тартылған отбасылардағы еңбекке қабілетті 16 адам тұрақты жұмысқа, 1 адам әлеуметтік жұмысқа орналастырылып, 7 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды.

Жобаға дейін шартты ақшалай көмек алушылардың жан басына шаққандағы орташа табысы 4010 теңгені құраса, есепті кезеңде 14297 теңгені құрап отыр. Келер жылдан бастап, аталған жоба облыстың барлық аумақтарына енгізілетін  болады.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*