Баласынан безген әке

бірақ, олар заңнан қашып құтыла алмайды

Бүгінде алимент төлеуден жалтарғандарға еш кешірім жоқ. Мемлекет ана мен баланың құқығын қорғауда заң талаптарын бұрынғыдан да қатайтты.

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b5%d0%b7%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d3%99%d0%ba%d0%b5

Облыстық әділет департаменті алимент өндіру бөлімінің басшысы Мейрамгүл Зейнеденовадан білгеніміздей, аймақта осы мәселемен айналысатын 7000-нан астам атқару өндірісі бар. Соның жартысынан көбі Атырау қаласына қатысты. Үш мыңға жуық борышкердің жалақысынан алимент ай сайын ұсталуда. Алты жүзден аса борышкер мен өндіріп алушы арасында өзара келісім жасалса, үш жүзден астамы төлеуден жалтарып жүр. Алайда, олар өз міндеттерінен құтыла алмасы анық.

– Егер борышкердің берешегі 500 мың теңгеден асса, автокөлік жүргізу  құқығынан айырылады. Мұндай жазаға жыл басынан бері он борышкер тартылды. Бүгінде үшеуі қарызын қайтарды. Ал, қалғанының ісі сотқа жолданды, – дейді М.Зейнеденова.

Бұдан басқа, алимент төлемеген борышкер 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді  немесе бір-бес тәулік аралығында қамауға алынады. Бүгінде борышкерлердің 90 пайызы осылай жазалануда. Биыл 35 адам қамауға алынып, төртеуіне айыппұл салыныпты.

Қамаудан шыққан соң алты ай уақыт ішінде алимент сомасын мүлдем төлемесе,  қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл заңдылық бойынша 270 борышкердің құжаты ішкі істер органына жолданып, олар өз берешектерін өтеуде.

Сала мамандарының айтуынша, заңды белшесінен басқандардың басым бөлігі «жұмыс жоқ» деген сылтаумен құтылады екен. Қашқын әкелерге қарызын төлету мақсатында мемлекет оларды жұмысқа орналастыруды да қолға  алды.

«Жұмыссыз жүргендердің тізімін жасақтап, еңбекпен қамту шараларын іске асыру мақсатында облыстық әділет департаменті, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін орындау бөлімімен үш жақты меморандум жасалды. Нәтижесінде үш жүзден аса жұмыссыз борышкер тізімге еніп, бүгінге дейін жетпісі жұмысқа орналасты. Қазір олар өз берешектерін өтеуде. Қалғанын жыл аяғына дейін жұмыспен қамту жалғасуда», – дейді Мейрамгүл Асқарқызы.

Ал, облыстық соттың судьясы Айгүл Қалимұқашева егер борышкер талапқа көнбей, қиғылық салса, бұл берешегін төлеуден бас тарту екенін айтады. Мұндай жағдайда алимент төлеуші темір тордан бір-ақ шықпақ. Оған қоса мүлкі де тәркіленеді.

– Бала алдындағы парызын орындаудан  жалтарған  азаматтарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік одан әрі күшейтілуде. Еліміздің Қылмыстық кодексінің белгіленген баптарына сәйкес, ата-ана кәмелетке толмаған, сол сияқты он сегiз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан аса орындамаса, екі жылға дейін бас бостандығынан шектеледі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылады. Шығарылған сот шешімі толығымен орындалмайынша, бұзылған құқықтары мен бостандықтары қалпына келтірілді деп саналмайды, – дейді А.Қалимұқашева.

Алимент өндіруде сот шешімінің дұрыс орындалуына кедергі келтіретін мекемелер де бар екен. Мәселен, осы жылы 15 жұмыс орны тексеріліп, он мекемеде  алименттің көрсетілген сомасы өндіріп алушыға толық аударылмағаны анықталды.

Қоғамдағы тағы бір сорақылық, өзінің ұл-қызына жәрдем етуден қашқақтаған  әкелердің қатарын аналар да толықтыруда. Мысалы, бір ғана Атырау қаласының өзінде мұндай борышкердің  саны онға жетіпті.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

1 комментарий

  1. Аналар дегени калай сонда. Айелдерде алимент толейме.
    Жумыссыздык сылтау болды го. Менде жалгыз басты анамын. Толемек тугели баласынан бас тарткан. Алла сойтип оз балдарынан жалтарып жургендерди. Кангытып сол балага зәр кылып койса екен.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*