Балалардың арманы орындалды

Бесікті орта мектеп-интернаты тәрбиеленушілері жаңа жыл қарсаңында Аяз атаға  өздері армандарын жазып хат жолдаған еді. Балалардың жазған хаттары «Қоғамдық сенім қорына» табысталды.

img-20161223-wa0159

«Теңізшевройл» компаниясының қызметкері Мұхтар Әбілғазиев бастаған бір топ азаматтар  интернатқа келіп, өздері Аяз ата мен Ақшақар рөлін сомдап, балалардың хаты бойынша армандарын орындап, тәрбиеленіп жатқан 92 тәрбиеленушінің әрқайсысына өздерінің қалауына қарай қысқы киімдер, спорттық костюмдер, спорттық құралдар,  велосипедтер, музыкалық аспаптар, домбыра, қобыздар, плейстейшн, сәндік көйлектер мен сөмкелер, ақшалай сыйлықтар мен тәттілерді, балаларға таратты.

img-20161223-wa0103

Интернаттың жаңажылдық шыршасына келген қалалық  білім бөлімінің  әдіскері Жұмазия Жолмұхановада балаларға сыйлықтар ұсынды.

Жаңажылдық шыршаға  қатысқан Қайыршақты селолық әкімі Шапхат Қалиев және мектеп-интернат директоры Болат Дүйсенғалиев демеушілерге зор алғысын білдірді.

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*