Балалар мұңын кім тыңдайды?

Облыстық балалар ауруханасында талма дертіне шалдыққан балаларға стоматологиялық көмек көрсететін кабинеттің жоқтығы Атырау қалалық мәслихатының депутаты Әлібек Семғалиевтың назарына ілікті. Халық қалаулысы аталған мәселеге қатысты депутаттық сауалын денсаулық сақтау басқармасына жолдаған болатын. Ендеше, мәселе қалай шешілмек?

pogudx4lrngk5nkvn.r600x315.1064828e

Құзырлы орган басшылығынан келген ресми жауапта талма дертіне шалдыққан бала-ларға арналған стоматологиялық көмек көрсететін кабинет жұмысын ұйымдастыру мәселесі қарастырылып жатқаны айтылыпты. Қажетті құралдармен жабдықталып, мамандандырылған кабинетте невролог, реаниматолог дәрігерлердің жоғары деңгейде көмек көрсететіні туралы айтылған. Түнгі уақытта эпилепсиямен ауыратын науқастар үшін облыстық балалар ауруханасы базасында облыстық балалар стоматологиялық ауруханасынан арнайы дәрігерлер бөлу арқылы шұғыл көмек ұйымдастыру көзделген. Айтуларынша, мұндай қызметтер мерекелік және демалыс күндері де үзілмейді. Сондай-ақ, жылжымалы мобильді зертхана ұйымдастыру жөнінде бүгінгі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен мемлекеттік тапсырыс негізінде қызмет ететін жеке клиникалар арасында келіссөздер жүргізіліп жатқанын білдік.

Әлібек Аманжанұлы «НейроДетки ЧУДО ЕСТЬ» қоғамдық бірлестігі көтерген мәселеге де жауап іздеуде. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы Заңға сәйкес, мүмкіндігі шектеулі балалар-ға өмір сүру қабілеттілігі деңгейін, яғни, мүгедектігін анықтау, құжаттарын қайта рәсімдеу үшін әлеуметтік-медициналық сараптамадан өту міндеттелген. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, бұл тексеруден өту ем-домдары мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына оңайға соқпайтын көрінеді. Ертемен кезекке тұру туа бітті мешел ауруына, эпилепсия, микроцефалия дертіне шалдыққан балалар үшін өте қиын. Осы мәселеге орай, тиісті мекемеге сауал жолдап, электронды кезек мәселесін қарастыруды ұсынған депутат жуырда арнайы рейд-ке де шықпақшы.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*