БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

Осынау жоғары жетістікте балабақша директоры Алма Тілепбергенқызы Сабырованың зор үлесі бар. Бүгінде білікті басшы атанған ол Гурьев педагогика институтын 1986 жылы тәмамдап, еңбек жолын осы балабақшада тәрбиеші болып бастаған екен. Ұдайы ізденіс үстінде жүретін Алма түрлі қызмет сатыларынан абыроймен өтіп, 2006 жылдан бастап осы балабақшаға директор болып тағайындалды.
Алма Тілепбергенқызы өзінің адами болмысымен, ұйымдастырушылық қабілетімен ұжымды бірлік пен берекеге ұйыстырды. Жуырда 55 жас мерейтойына орай оған әріптестері өздерінің жүрекжарды тілектерін ағынан жарыла айтты. «Алма өзінің мол тәжірибесін педагог-тәрбиешілермен бөлісіп, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырады» деген тәрбиеші Бану Уашеваның пікірі бәріміздің де көкейіміздегі ойды дөп басады. Біз Алманың әлі де бала тәрбиесінде тың бастамалардың авторы атана беретініне сенім білдіреміз.

Айгүл ИМАНҒАЛИЕВА,
балабақша әдіскері,
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*