БАЙЫПТЫ БАҒДАР – НАҚТЫ НӘТИЖЕ

 

Міне, осындай дүниежүзілік дүрбелеңнен Қазақстан қалай аман қалады? Әлемнің жүздеген елімен экономикалық байланыста болғандықтан олардағы қаржы дағдарысы бізге де әсер етуі ықтимал. Оның үстіне, «қара алтын» құны да түсіп кетті. Мұндай сын сағатта елі еріне сенім артпай ма? Қазақстандықтар да солай істеді. Жас мемлекетімізді бүгінгідей биікке көтерген, тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңіндегі қиындықтардан халықты тарықтырмай алып шыққан Ұлт Көшбасшысына үлкен үміт артты.

Дүниежүзілік картадан ойып тұрып орын алған Қазақстанның тарихи аз ғана уақытта әлемнің дамыған елу елінің қатарына енуі баршаны таң қалдыруда. Біздің мемлекетіміз туралы шетелдік сарапшылар мен журналистер тамаша кітаптар мен мақалалар жазуда. Келешек көкжиегіміздің көркемдігін айтуда. Елбасымызды Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Мустафа Кемал тәрізді өз елдерін аяғына тік тұрғызған ірі тұлғалармен, жаңашыл басшылармен қатар атауда. Халықаралық ғұлама ғалымдардың өздері қазақстандық ғажайыптың сырын ашуға құмар, оған ғылыми негіздеме беруге ұмтылуда. Қазір әлемде «Назарбаев моделі» аталатын түсінік қалыптасқан.

Мұның бәрі – Елбасымыздың алысты болжаған байыпты бағдарламасының нақты нәтижесі. Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында ең дұрыс жолды таңдады. Дүние жүзіне құшағымызды аштық, сырттан инвесторлар тарттық. Жаппай қырып-жою құралынан бас тарттық, ұлттар мен ұлыстар достығын орнықтырдық. Қазақстандағы жүзден астам этнос пен 17 конфессия өкілдерінің тату-тәтті тірлігі – әлемге аян. Бейбітшілік, өзара келісім, бірлік – міне, қазақстандық үлгі. Мемлекетіміздің тірегі де, келешек дамуымыздың кепілі де – осы. Бұл құндылықтар, сайып келгенде, «Мәңгілік ел» идеясының іргетасын құрайды. Ол еліміздің тұтастығын одан әрі бекітеді.

Қазақстандағы биылғы Президент сайлауын әлем сарапшылары жоғары бағалады. Оны демократия салтанаты санауда. Алдымен, сайлаушылардың үлкен белсенділігі халықтың ел тағдырына селқос қарамайтындығын білдірді. Одан әрі, сайлауға қатысушылардың басым бөлігі Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасын қолдауы – Елбасына деген шексіз сенімнің белгісі. Өзім көрдім, адамдар сайлауға мерекеге барғандай жиналды.

Жасыратыны жоқ, ғалымдар ХХІ ғасырды өркениет текетіресі мен тұрақсыздық толқыны уақыты ретінде атауда. Сондықтан, сыртқы күштің әсеріне қарсы тұру үшін ішкі мүмкіндігімізді барынша тиімді пайдаланып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жаңа жетістіктерге ұмтылуымыз қажет. Міне, осы орайда Елбасы ұсынған бес халықтық реформа – күш-қуатымызды одан әрі арттырудың сенімді кепілі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*