БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ

 

 Байрақты бәсекеге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция, ветеринариялық бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитеттерінің Атырау облыстық аумақтық инспекциялары, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК облыстық филиалы және «Ақ Жайық» мемлекеттік резерваты ұжымдарынан құралған командалар қатысып, бақтарын сынады. Бәрі дерлік дәстүрлі жарысқа жақсы дайындықпен келгендіктерін байқатса, жекелеген команда мүшелері техникалық шеберліктерін көрсетіп, өзара тартысты ойын үлгісін танытты.

Нәтижесінде,  «Жүзден жүйрік» шыққандар анықталып, үздіктер дараланды. ҚР АӨК облыстық аумақтық инспекциясының волейболшылары бірінші орынды иеленсе, екінші жүлделі орынды «Ақ  Жайық» резерватының командасы еншіледі. Ал, аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы үшінші  орынға тұрақтады. Бұдан бөлек, Б.Қашаубаев, А.Төлегенова, В.Чирков, Ш.Қазбеков сияқты команда мүшелерінің есімдері үздіктер қатарында аталды.

Дәулетқали АРУЕВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*