Байбалам басқа, мақсат басқа

Мәселенің байыбына бармай, босқа шу көтергенше, ең алдымен жаңарған және өзгерістер енгізілген Заңның жерді пайдаланатын барлық тарапқа да тиімді екенін терең түсініп алуымыз қажет. Қазақстанның басым бөлігінде ауыл шаруашылығы жерлері дұрыс пайдаланылмай отырғаны жасырын емес. Мұны ойлап, жаңа технология енгізіп және қомақты инвестиция салып жатқандар қатары аз. Соның салдарынан біз соңғы 15-20 жылда құйқалы жерлердің сапасын айтарлықтай нашарлатып алдық.

Еліміздің жалпы жер қоры 272,5 миллион гектарды құраса, оның 7,3 миллион гектары – пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлері. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2012-2014 жылдар аралығында инвентаризация өткен болатын. Яғни, ауыл шаруашылығына қарасты жер учаскелері түгенделді. Сонда анықталған  өкінішті жайт – жер сапасының өте төмендеп кеткендігі. Әрине, оларды  қалпына келтіру, жақсарту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда, әлі де көңіл көншітерліктей емес. Сондықтан да, сырттан инвестиция тарту да қажет. Ендеше, халық жерді шетелдіктерге жалға беру мәселесінің негізгі мақсатын түсініп, қауесет әңгімелерге ермегені жөн. Бұл – еліміздің жарқын болашағы үшін қолға алынып жатқан мақсатты шаралардың бірі.

 

Мұрат САРМАНОВ,

 «Нұрлы дала» агрофирмасының директоры, Қызылқоға ауданы.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*