БАҚ және интернет-кеңістікті дамыту бойынша қоғамдық кеңес өтті (ФОТО)

Облыс әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары және интернет-кеңістікті дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

IMG_6379

Жиында алдымен облыстық «Атырау» телеарнасының жаңа маусымы және келер жылға жоспарлары туралы «Қазақстан» РТРК Атырау облыстық филиалының директоры Жанахмет Ағыбаев баяндады.

Бүгінде телеарна тәулігіне 14 сағат хабар таратады. Оған қоса, күніне 16 сағатқа дейін хабар тарату мүмкіндігі бар радиоэфир жұмыс жасайды. Қызметкерлер саны 88 адамды құраса, оның 23-і журналистер. Жаңа маусымдағы хабарлардың қатарында «Менің Қазақстаным», «Алтын тұғыр», «Онлайн емхана», «Мұнайлы шаһар», «Атырау перзенті», «Өндірісті өңір», «Ақсақалдар алқасы», «Топжарған», «Туған жер», «Интеллектуалдар академиясы», «Журналистік зерттеу», «Үздік» және «Жігіт сұлтаны» бағдарламалары аталды.

Қазірде телеарна орналасқан ғимараттың тарлық етуіне байланысты оған жапсарлас құрылыс салып, кеңейту жұмыстары қолға алынған. Сол арқылы қосымша бір студия, конференц-зал, басқа да қызметке қажетті орындарды ашу, көлік және техникалық құралдар алу, аудандардағы тілші қосындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту жоспарланған.

Жаңа маусымдағы осындай жағымды жаңалықтардан құлағдар қылған филиал басшысы алдағы уақытта «Айнамкөз», «Асар», «Білімділер сайысы», «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тәрізді танымдық-тәрбиелік бағыттағы тың жобаларды жүзеге асыру, өткен жылдар әндерінен ретрофестиваль, өзге де шаралар ұйымдастыру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

IMG_6378

САНДЫҚ ЭФИР САПАЛЫ КӨРСЕТІЛІМ

Мұнан кейін «Қазтелерадио» АҚ Атырау облыстық филиалының атқарып отырған жұмысы мен болашақтағы жоспары, сандық телехабар таратуға көшуге байланысты қадамдары жайлы радиотелехабарлар тарату дирекциясының жетекшісі Дархан Хұсыновтың баяндамасы тыңдалды.

Бүгінгі таңда облыста 45 аналогтық эфирлік радиотелехабар тарату стансасы тұрғындарға қызмет көрсетеді. Елді мекендердің аналогтық эфирлік теледидармен қамтылу көрсеткіші 95 пайызды құрайды. Қараша айының 15-індегі мәлімет бойынша «ОТАU ТV» жерсеріктік сандық теледидарының жалпы абоненттік нүктелерінің саны 83 000-ға жеткен. Оның ішінде, 58 отандық телеарна хабарлары тегін, 73-і ақылы түрде таратылады. Жергілікті тұрғындардың қамтылу көрсеткіші 66 пайызға тұрақтаған. Қазірде қала тұрғындары 30, ал ауылдық жерде тұратындар 15 отандық телеарнаның қызметін үзіліссіз пайдалану мүмкіндігін иеленген.

IMG_6380

Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіріп, қызмет аясын кеңейту мақсатында аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерде 17 сандық эфирлік станса орнату қолға алынған. Осылайша, мұндай нысандар биылғы жылдың соңына дейін 8 елді мекенде жүргізілсе, келесі жылы қалғандарында жалғасын таппақ.

Одан әрі Дархан Құсынов GаІаm ТV интернет-теледидары, шетелдік жерсеріктік теледидар жүйелеріне көшу бағытындағы бастапқы қадамдарға тоқталды.

Жалпыұлттық эфирлік сандық теледидарды дамытудан күтілетін нәтижелер төңірегіндегі ойларымен, осы тұрғыда жергілікті атқарушы билік органдарымен бірлесіп атқарылуға тиісті жұмыстарға қатысты ұсыныстарымен бөлісті.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*